Жағалау бекіністері құрылысы және жағалау, Атырау

СИПАТЫ

Маусымдық тасқындар кезеңінде қаланың аумағында су деңгейінің көтерілу қаупі Орал өзенінің жағалауын бекіту бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігін туғызды. Жағалауды бекіту жұмыстары қалалық Әкімдік ғимаратынан бастап «Каспий» қонақжайына дейін жалпы ұзындығы шамамен 1200 м телімде жүргізілді.

Құрылым жағынан жағалау бекіністері борттары монолитті және құрамалы темір бетон тақтайлармен бекітілген, бөгет астында тірек діңгектерге сүйенетін жер бөгет болып табылады.

Жағалау қала тұрғындарының ең сүйікті демалатын және серуендейтін орны болғандықтан, «BONITA Engineering» компаниясы оның жаяу жүргіншілер бөлімін эстетикалық тұрғыдан безендіруге де көп көңіл бөлді.

Жағалаудың жүргіншілер аймағының ені 5 м және пішінді жаяужол тастарымен қапталған, сондай-ақ өзен жағынан биіктігі 1 м темір бетон қалқанмен көмкерілген және ыңғайлы сатылармен жабдықталған. Жағалау бар жағынан үш сфералық шамдалы бар көше шамдарымен жарықтандырылған.

Орындалған жұмыстар:

  • жағалау бекінісінің телімін геологиялық және топографиялық зерттеу;
  • жер бөгетті салу (салынған топырақтың көлемі – шамамен 16 300 м3);
  • бөгеттің ішкі және сыртқы жағынан 1 500 м3 астам монолитті және құрамалы темір бетон құю;
  • бөгеттің қайтарма сүзгісіне 3500 м3 астам қиыршық тас салу;
  • үш түсетін сатыны әзірлеу және құрастыру;
  • жүргіншілер аймағында шамамен 6 000 м2 жаяужол тастарын салу;
  • үш айрықты сфералық үлкен шамдары бар жарық тіректерін орнату.

Жағалауды бекіту бойынша жұмыстар қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық талаптарды сақтай отырып, жоғары инженерлік және архитектуралық деңгейде орындалды. Жағалау бекіністерін орнату қалыптасқан гидрологиялық жағдайларды өзгертпейді, сондықтан балықтардың мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқпайды. Жобада бұрғылап қопаратын немесе гидротехникалық жұмыстары арқылы өзенді өндірістік ластауды болғызбайтын жұмыс технологиясы көзделген.
Жалпы алғанда, жағалау құрылысы қабылданған жобалау шешімдерін ескере отырып, табиғи гидрологиялық режимді сақтайды және қолданыстағы нормативтік құжаттар талап ететін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

СИПАТТАМАСЫ

  1. Қала: Атырау
  2. Жоба үлгісі: жаңа құрылыс
  3. Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Атырау облысының Әкімдігі
  4. Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
  5. Жобалау ұйымы: «ПроектМостореконструкция» Институты (Саратов қ.)
  6. Жобаны іске асыру мерзімі: 2000 жылғы наурыз – желтоқсан