Успения Құдай Ана Шіркеуі, Атырау

СИПАТЫ

Ғибадатхана ХІХ ғасырдың екінші жартысында салынған, мәдениет мұрасы болып табылады және мемлекет қорғауына алған. Ғибадатхананың қоңырау мұнарасының биіктігі – 42 метр. Ғибадатхананың іші бірегей әсем жасауланған.

Алайда ғимараттың жай-күйі қауіпсіздік пен төзімділік талаптары бойынша қанағаттанарлықсыз деп танылды. Осыған байланысты Атырау облысының Мәдениет басқармасы қасбеттерді, ішкі жасауын, ішкі қабырғалардың библия сарыны бойынша өрнектерін жаңғыртуды қоса алғанда Ғибадатхана ғимаратына жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдады.

Орындалған жұмыстар:

  • іргетасты металл құбырлары бар көлбеу қадалармен бетондай отырып нығайту;
  • 7 үлкен және шағын алтындалған күмбезді және 9 қоңырауды дайындау және құрастыру;
  • металл төбе жабынын ауыстыру;
  • ғибадатхана қасбеттерін жаңғырту;
  • төле мен кіреберісті базальтпен қаптау;
  • ғибадатхананың ішіндегі еден мен қабырғаларды терезе деңгейіне дейін гранитпен және мәрмәрмен қаптау;
  • ғимараттың қабырғалары мен күмбездерін библия сарыны бойынша өрнектеу;
  • Ғибадатхана аумағын абаттандыру;
  • сыртқы жарық тіреу-сәнсәулелері бар металл қоршауларды әзірлеу және құрастыру;
  • әкімшілік-тұрмыстық корпусты салу.

СИПАТТАМАСЫ

  1. Қала: Атырау
  2. Жоба үлгісі: күрделі жөндеу және қайта құру
  3. Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Атырау облысының Әкімдігі
  4. Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
  5. Жобаны іске асыру мерзімі: 2000 жылғы наурыз – желтоқсан