Орал өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі, Атырау

СИПАТЫ

Орал өзені арқылы өтетін ең ұзын жаяу жүргіншілер көпірі (Гиннес Рекордтар кітабына енгізілді). Көпір «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» атына ие болды, Жеңіс саябағы ауданындағы қалалық демалыс аймағын және Атырау Мұнай өңдеу зауытының тұрғын қалашығын біріктіреді.

Көпір жаяу жүру үшін және толық салмағы 12 тоннаға дейінгі арнайы автомобильдердің бір-бірден жүруіне арналған. Өзеннің сол жақ алқабы жеті аралық эстакадамен жабылған, оң жағалауында – екі аралық эстакада, өзен арнасының үстінен – аспалы үш аралық құрылым.

Бұл Қазақстандағы жалғыз ванталы жаяу жүргіншілер көпірі. Кешен заманауи материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, монолитті темір бетоннан салынды, оның ішінде:

  • Көпірдің есептік сызбасы: 7х21 м + 42 м + 126 м + 42 м + 2х21 м
  • Көпірлі өткелдің ұзындығы – 551 м
  • Көпірдің ұзындығы – 405 м
  • Сол жағалаудан жетеберістің ұзындығы – 30 м
  • Оң жағалаудан жетеберістің ұзындығы – 116 м
  • Көпірдің жаяу жүргіншілер бөлімінің ені – 4,5 м
  • Өзен сабасынан аралық құрылыстың астына дейінгі көпірдің максималды биіктігі – шамамен 13 м
  • Жүргіншілер бөлімінің жабыны – асфальтбетон
  • Көпірдің пилондары металл, дәнекерленген, қорапты қимадан
  • Пилон тіреулерінің осі арасындағы арақашықтық – 7м
  • Аспалы жүйенің екі көтергіш кабелі диаметрі 72 мм болатын төрт арқаннан орындалады

Орындалған жұмыстар:

  • құрылыс ауданы шамамен 5 га аумақты алдын ала дайындау;
  • көлемі шамамен 6000 м3 жер қазу жұмыстары;
  • монолитті бетонды қалау – шамамен 1800 м3
  • оң жақ пандусты, сатымен түсетін жерді, уақытша құрылыстарды, айлақты салу кезінде қолданылған 1500 м3 астам темір бетон құрылыстарды салу
  • көпірдің монолитті және құрама конструкцияларында және жалпы салмағы 560 тонна болатын металл аралық құрылымдарда қолданылған шамамен 500 тонна арматураны құрастыру;
  • көпірдің аспалы жүйесін құрастыру (жалпы ұзындығы – шамамен 900 м, жалпы салмағы – шамамен 29 тонна). Аспалы жүйе диаметрі 72 мм төрт арқаннан жасалған
  • көпірдің конструкциясы мен тіреулерін «Steelpaint» арнайы сырымен бояу
  • көпір өткелінің асфальт-бетон жабынын төсеу
  • көпір қоршауын дайындау және құрастыру
  • көпірдің жарығы мен көмескі жарығын салу
  • көпірдің құрылымын бояу
  • жағаны бекіту жұмыстары

СИПАТТАМАСЫ

  1. Қала: Атырау
  2. Жоба үлгісі: жаңа құрылыс
  3. Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Атырау облысының Әкімдігі
  4. Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
  5. Жобалау ұйымы: «ПроектМостореконструкция» Институты (Саратов қ.)
  6. Жобаны іске асыру мерзімі: 2000 жылғы қараша – 2001 жылғы желтоқсан