СИПАТЫ
Ғимарат кешені екі қабатты емдеу-диагностикалық бөлімі бар 250 кереуетке арналған 4 қабатты стационардан тұрады.
Кешен заманауи материалдар мен технологияларды қолдана отырып, монолитті темір бетоннан салынған, оның ішінде:
- желдеткіш қасбеттік жүйелер
- сумен жабдықтау және кәріз жүйесі үшін полиэтилен құбырлар
- терезе кәсегі үшін шыныпакеттер
- қатты минералды таспен толтырылған гипс картонынан жасалған ылғалға төзімді ішкі қабырғалар
- құрамалы төбелер
- шыны мен алюминийден жасалған құрылымдар
Жобаның параметрлері:
- кешен аумағының жалпы ауданы – 2,37 га
- құрылыс ауданы (стационар корпусының және емдеу-диагностикалық бөлімінің ғимараттары) – 4700 м2
- кешен аумағының абаттандырылған бөлігінің ауданы – 1,9 га, оның ішінде: автотұрақ, жаяужолдар, алаңдар, кіреберістер – 1,0 га; саябақ аймағы – 0,9 га
- ғимараттың сыртын желдеткіш қасбеттік жүйелер технологиясы бойынша композиттік материалмен әрлеу (7000 м2)
- ғимараттың монолитті қаңқасына 4000 м3 бетон қалау
- ғимараттың құрылымында 25 тонна алюминий пішін пайдаланылды
- ғимараттың кіріп-шығатын аймағы 6000 м2 витриналық жылтырлатылмаған шыныны пайдалана отырып орындалған
СИПАТТАМАСЫ
- Қала: Атырау
- Жоба үлгісі: жаңа құрылыс
- Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Атырау облысының Әкімдігі
- Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
- Жобалау ұйымы: “Мединвестпроект” ААҚ (Киев қ.)
- Жобаны іске асыру мерзімі: 2000 жылғы сәуір – 2002 жылғы наурыз