«Чайка» коттедждер кенті, Атырау

Орналасқан жері

«Чайка» кенті ауданы шамамен 3,6 гектар жерде орналасқан. Кенттен алыс емес жерде, Солтүстік-Батысқа қарай Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы орналасқан. Оңтүстік-Батыс жағынан кент аумағын Орал өзенінің жағалауы қоршаған. Оңтүстік-Шығыс бөлігінде кентке кіріп-шығар жер орналасқан. Бұл жерде «Чайка» кенті Хәлел Досмұхамедов атындағы Қазақстан мемлекеттік университетімен көршілес.

Кент құрамы

1. 16 екі пәтерлі коттедж

2. 26 оқшауланған тұрғын үй («Townhouse»)

3. Қоғамдық орталығы бар көп пәтерлі тұрғын үй, оның құрамына мыналар кіреді:

  • офистік үй-жайлар
  • мейрамхана, бар және американдық пул
  • жазғы дәмхана және барбекюге арналған алаң
  • супермаркет
  • бассейні және демалыс бөлмесі бар хауыз
  • солярий
  • сұлулық салоны
  • массаж бөлмесі
  • жаттығу залы және фитнес-жаттықтырушы қызметі
  • фито-бар
  • кір жуатын орын
  • бизнес орталығы, оның қызметі құрамына мыналар кіретін болады: авиакассалар, Ғаламтор, факс, телефон, Ғаламтор қызметтерін және спутниктік телевизияны төлеу пунктілері, қонақүй нөмірлеріне және конференц-залға тапсырыс беру, айырбастау пункті, банкомат, азық-түлік пен тауарларды үйге жеткізуге тапсырыс беру, аудармашылар қызметі және т.б.

4. Әкімшілік-инженерлік корпус

5. Автожуу, доңғалақ жөндеу, жинайтын техникаға арналған гараж

6. Сұйыққоймасы бар өртке қарсы су құбырының сорғы станциясы

7. Кәріз жүйесінің сорғы станциясы

8. Үстіңгі науалардың тазартқыш ғимараттары

 

СИПАТТАМАСЫ

  1. Қала: Атырау
  2. Жоба үлгісі: жаңа құрылыс
  3. Тапсырыс беруші-салушы: «Bonita Engineering» ЖШС