СИПАТЫ
Облыстық филармония ғимараты ХІХ ғасырдың екінші жартысында салынған. Басты залда бірегей акустика жүйесі бар. Орал облыстық филармониясының сахнасында Федор Шаляпин және басқа да атақты әншілер мен музыканттар концерт берген.
Зерттеу нәтижелері ғимарат пен оның интерьерін күрделі жөндеу және қайта құру қажеттілігін көрсетті.
Салтанатты ашылуы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлы скрипкашы Марат Бисенғалиев музыкасының сүйемелдеуімен өтті.
Орындалған жұмыстар:
- ғимарат шатырын ауыстыру (1100 м2);
- ғимараттың басты сатысының құрылымын нығайту;
- таяныштар мен балясиналарды қалпына келтіру;
- саты басқыштарын мәрмәр таспен қаптау;
- қалың жібек тұсқағаздарды (480 м2) қолданумен ішкі қабырғаларды өңдеу (1300 м2);
- 830 м2 төбені өңдеу, оның ішінде 180 м2 көркем өрнектермен;
- декор бөлшектерін қалпына келтіру (гүлөрнектер, эмблемалар, ернеулер);
- ғимараттың жылу жүйесін қайта жаңғырту;
- ғимараттың кондициялау жүйесін құрастыру;
- көрермендер залындағы креслоларды ауыстыру және орнату.
Жұмыстар өңдеудің өте жақсы сапасын қоса алғанда жоғары инженерлік және архитектуралық деңгейде орындалды.
СИПАТТАМАСЫ
- Қала: Орал
- Жоба үлгісі: күрделі жөндеу және қайта құру, жиһазбен жабдықтау
- Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының Әкімдігі
- Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
- Жобалау ұйымдары: “Конгресс” ЖАҚ (Мәскеу қ.), “Конгресс-Техно” ЖБҚ (Мәскеу қ.)
- Жобаны іске асыру мерзімі: 2001 жылғы мамыр – қыркүйек