Қала сыртындағы резиденция ғимараттар кешені, Орал

СИПАТЫ

Қала сыртындағы үкімет резиденциясы ғимараттар кешені ХХ ғасырдың 50-жылдарында салынып, қолданысқа енгізілді. 2001 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша ғимаратты күрделі жөндеу туралы шешім қабылданды.

Орындалған жұмыстар:

  • қонақ үйдің іргетасын нығайту;
  • қонақ үй мен мейрамхананың қасбеттерін өңдеу;
  • инженерлік жүйелерді ауыстыру және жөндеу;
  • мейрамханадағы үй-жайларды қайта жоспарлау және оның ішін өңдеу;
  • есік пен терезе кәсектерін және жиһазды ауыстыру;
  • қонақ үйдің ішін өңдеу және оның интерьерінің нұсқаларын әзірлеу.

СИПАТТАМАСЫ

  1. Қала: Орал
  2. Жоба үлгісі: күрделі жөндеу және қайта құру
  3. Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысының Әкімдігі
  4. Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
  5. Жобалау ұйымдары: “Конгресс-Техно” ЖБҚ (Мәскеу қ.)
  6. Жобаны іске асыру мерзімі: 2001 жылғы мамыр – тамыз