СИПАТЫ
Университет ғимараты Орал өзенінің оң жағалауында орналасқан және 1200 студентті оқытуға арналған. Университеттің жаңа корпусын салу 1987 жылдан бастап 1989 жылға дейінгі кезеңде қалалық құрылыс ұйымдарының күшімен жүргізілді және қаржыландырудың тоқтатылуынан ғимараттың қорабы көтерілгеннен кейін құрылыс тоқтатылды. 1999 жылы «Bonita Engineering» компаниясы Университеттің жаңа корпусының құрылысын аяқтады және пайдалануға берді.
Орындалған жұмыстар:
- ғимарат қорабының бар құрылымын зерттеу;
- ғимараттың қасбетіндегі темір бетон пилондарды бөлшектеу (3 000 м2);
- ғимарат қасбетін сайдингпен жабу (3 000 м2);
- төбе жабыны мен гидрооқшауды жөндеу (1 720 м2)
- ішкі қабырғаларды өңдеу (13 000 м2);
- электр шағын станцияларын бөлшектеу және жаңа трансформатор шағын станциясын іске қосу;
- электр күшін беретін жабдықты, электр жарығын, өрт дабылнамасын, жылу жүйесін, желдету, телевизия және әлсіз тоқ жүйелерін құрастыру;
- орнатылған жарығы бар «ARMSTRONG» аспалы төбелерін құрастыру (6 300 м2);
- еденді орнату жұмыстары (6 300 м2);
- алюминий пішіндерді және қараңғылатылған шыны пакеттерді қолданумен бас есіктің терезелерін, кіреберісін, тамбурын құрастыру (980 м2).
СИПАТТАМАСЫ
- Қала: Атырау
- Жоба үлгісі: күрделі жөндеу, қайта құру және жаңа құрылыс
- Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Атырау облысының Әкімдігі
- Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
- Жобаны іске асыру мерзімі: 1999 жылғы қаңтар – тамыз