Орталық автомобиль көпірі, Атырау

СИПАТЫ

Көпір қаланың қақ ортасында, Абай даңғылы – реттемелі қозғалыстағы жалпы қалалық маңызды магистралды көшенің қиылысында орналасқан. 1965 жылы «Гипрокоммундортранс» институтының жобасы бойынша салынған.

Бұл көпірдің символикалық рөлі бар: Орал өзені бойынша осы ауданда Қазақстан аумағының еуропалық және азиялық бөлімдері арасындағы шекарасы жатқандықтан, көпір Еуропаны Азиямен біріктіреді деп саналады.

1998 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша көпірдің жағдайы пайдалану қауіпсіздігі және төзімділігі жағынан қанағаттанарлықсыз деп танылды, осыған байланысты көпірдің барлық құрылымын жөндеу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Көпір жоспары бойынша – тік, Орал өзенін 90° бұрышпен қиып өтеді, бойлық кесілген кескінде – дөңес (радиусы шамамен 2500 м), ең жоғарғы нүктесі көпірдің ортасында.

  • көпірдің сызбасы: 2 х 33 м + 32 м + 63 м + 32 м + 33 м.
  • көпір ұзындығы – 261 м
  • таяныштар арасындағы көпірдің ені – 19 м
  • жүретін жолдың ені – 14 м
  • жүретін жолдың шеттеріндегі жаяужол ені – 2 м.
  • кеме жүзіп өтетін аралық – 62 м
  • көпір асты габариттері – I топтағы өзен үшін

Оң жағадағы және сол жағадағы аралық құрылыстар – кеспелі, құрамалы, темір бетонды, диафрагмалықсыз, ұзындығы шамамен 33 м. Арналы аралық құрылыс бөренелі-консольды, алдын ала қыздырылған арматурасы бар темір бетонды және ұзындығы 48 м екі бөренелі-консольды аралық құрылыстан және ұзындығы 30 м аспалы аралықтан тұрады. Арадағы тіреулердің бағанасы темір бетон, монолитті, тіреуді бойлай 4,8 м қадаммен диаметрі 1,5 м. Кіреберістер тірек қабырғалар жағынан жасалған. Жүретін жолдың және жаяужолдың жабыны – асфальтбетон.

Орындалған жұмыстар:

  • Көпірдің бөренелі-консольды аралық құрылымының тақтасындағы бетонды конструкциялар мен арматураның жай-күйін зерттеу;
  • Көпір төсемінің барлық бөлшектерін толық ауыстыру: гидрооқшауды, оның қорғаныш қабатын, асфальтбетонды жабынды, бұзылған жіктерді, жаяужол құрылымын, таяныштарды, жүретін жолдың қоршауларын, жарық тіректерін;
  • Бетон бұзылған жерлердегі бетонның қорғаныш қабатын қалпына келтіру, барлық үстіңгі беттің қорғаныш қабатының су өткізбеушілігін арттыру;
  • Аралық құрылымдағы, беларқадағы, тіреулер мен тірек қабырғалардағы жарықтарды бітеу;
  • Бөренелі-консольды аралық құрылыс тіреу бөлімдерінің екінші және бесінші тіректеріндегі анкерлі тәжісінің, сондай-ақ көпірдің барлық тірек бөлімдерінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру;
  • Көпірге жетеберістеріндегі бойлық кескінді түзету;
  • Тіректер мен аралық құрылыстарда қарау тетіктерін орнату;
  • Тірек қабырғаларда қорғаныш-сәндік жабынды және құбыр желілері үшін конструкцияларды орнату;
  • Жүретін жолдың темір бетонды қоршауын және металл таяныштар қоршауын орнату;
  • Үлкен шамдардың бағаналарын орнату.

Көпірді қайта құру жұмыстары жоғары сапада және қоршаған ортаны сақтау жөніндегі барлық талаптарды сақтай отыра орындалды.

СИПАТТАМАСЫ

  1. Қала: Атырау
  2. Жоба үлгісі: күрделі жөндеу және қайта құру
  3. Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Атырау облысының Әкімдігі
  4. Бас мердігер: «Bonita Engineering» ЖШС
  5. Жобалау ұйымы: «ПроектМостореконструкция» Институты (Саратов қ.)
  6. Жобаны іске асыру мерзімі: 1999 жылғы сәуір – қыркүйек