BONITA компаниясы тобы 1995 жылғы тамызда құрылды. Бастапқыда компания қызметінің негізгі бағыттары ТМД нарығында химия және мұнай-химия салаларындағы өнім өндірісі және саудасы, сондай-ақ металлургия өнеркәсібіндегі жобалар болса, кейін анағұрлым дамыған бағыт құрылыс саласы болды. Компанияның негізгі атқарымдық бөлімшесі жобалауға, құрылысқа, іздестіру жұмыстарына берілетін І санатты лицензиясы бар «Bоnita Engineering» ЖШС құрылыс компаниясы болып табылады. Біздің қызметіміздің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
- Құрылыс
- Қонақжайлылық индустриясы
- Жобаларды басқару
ҚҰРЫЛЫС
Компания топтары қоғамдық және тұрғын ғимараттарды, медицина және спорт объектілерін, қонақүйлерді, өнеркәсіп мекемелерін, жолдар мен көпірлерді, гидротехникалық және қорғаныс құрылыстарын салумен айналысады. Әр түрлі мақсаттағы құбыр желілерін, оның ішінде газ құбырларын салу жеке бағыт болып табылады.
Құрылыстағы жұмыс түрлері және қызметтер:
- Сәулеттік және құрылыстық жобалау;
- Сыртқы және ішкі инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау және құру;
- Жобалардың арнайы бөлімдерін әзірлеу;
- Құрылыс және құрастыру жұмыстары;
- Әрлеу жұмыстары;
- Жөндеу-салу жұмыстары, ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру және нығайту;
- Аумақты абаттандыру;
- Жол құрылысы;
- Құрылыс материалдарын шығару;
- Жиһазбен және жабдықтармен жабдықтау;
- Газ құбырларының, таратушы газ құбырларының магистралды желілерін салу;
- Тұрғын және коммуналдық объектілерді газбен жабдықтау бойынша құрылыс және құрастыру жұмыстары;
- Мұнай және газ объектілерін, темір жолдарды, тоннельдерді, көпірлерді, жол өтпелерін және басқа да құрылыстарды салу, қалпына келтіру және күрделі жөндеу;
- Жүйелер мен жабдықтарды іске қосу және жөндеу жұмыстары;
- Материалдарды, машиналар мен механизмдерді жеткізу;
- Салынған объектілерді ұзақ уақыт сервистік сүйемелдеу;
- Инженерлік ізденістер, мұнай және газ құрылыстарын, темір жол көлігі объектілерін жобалау;
- Инжинирингтік қызметтер көрсету.
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫ
1999 жылы BONITA компаниясы топтарының шеңберінде жаңа бағыттың дамуы басталды – жылжымайтын мүлік және қонақжайлылық индустриясы объектілерін кәсіби басқару. Бірінші жоба – Ақтөбе қаласында салынған АLBION мейманхана-резиденциясы.
ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ
Бизнесті әртараптандыру қағидасын жүзеге асыра отырып, BONITA тобы өз қызметінің негізгі салаларына жақын салаларда бірқатар жобаларды әзірледі. Сонымен, құрылыс бағыты құрылыс және өңдеу материалдарының меншікті өндірісін дамытумен нығайтылды – «АртФасад» СП» ЖШС желдеткіш қасбеттер зауытының жобасы. BONITA тобы 2002 жылдың басында айналыса бастаған Іле Алатауы тау бөктеріндегі барлық маусымдық курортты салу («Іле Алатауы курорт аймағы» жобасы) құрылыспен де, қонақжайлылық индустриясы саласындағы әзірленімдермен де тығыз байланысты. Алдағы уақытта жоба басқа компаниялардың күшімен іске асырылатын болады. BONITA жобаны іске асырудың барлық кезеңінде – оны біріктіруді, уақытын, бағасын, сапасын, адам қорларын, тәуекелдікті және қаматамсыз етуді басқаруда жетістіктерге жету үшін барлық бөлшектердің теңгерімін қамтамасыз ететін жобаларды басқаратын өз мамандарының көп жылғы тәжірибесіне сүйенеді.