«Іле Алатауы» курортты аймағы, Алматы, Қазақстан Республикасы

2001 жылы BONITA тобы Алматы қаласының төңірегінде барлық маусымда қызмет ететін «ІЛЕ АЛАТАУЫ» тау шаңғысы курортты аймағын құру жобасын әзірлеуге кірісті.

Тянь-Шаньның солтүстік тау тарамдарының 3000 га астамын қалаландыруды көздейтін Жоба тұжырымдамасын әзірледі.

Курорт аймағы бір-бірімен және Алматы қаласымен гондолалы магистралды арқан жолмен қосылған бес тау шаңғы курортынан тұруы қажет еді. Курорт аймағының құрамына мыналарды қосу жобаланған: Медеу биік тауындағы мұз айдыны және Алматау, Бутаковка, Аққайың, Көкжайлау және Шымбұлақ тау шаңғысы курорт кешендері.

Курорттың жобасын жобаны әзірлеуші Bonita group компаниясының тобы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 2002 жылғы мамырда ұсынды және ол ең жоғары дәрежеде мақұлданды.

Жобаның бағасы шамамен $1,5 млрд. құрады, осыған байланысты Bonita тобы Жобаны басқарушы ретінде шықса, оны іске асыру мемлекет қолдауымен жүзеге асырылады деп болжамдалған.

Алдағы уақытта жоба Capital Partners тобының құрамындағы «Көкжайлау» ТШК күшімен іске асырылады.

Қосымша ақпарат:

pdf-icon-black  КӨКЖАЙЛАУ – САНДАР МЕН ФАКТІЛЕР