«Аlbion» мейманхана-резиденциясы, Ақтөбе

СИПАТЫ

Резиденция ауданы шамамен 4000м2 жер телімінде орналасқан. Резиденцияның үш қабатты ғимаратында жайлы қонақүй нөмірлері, сауықтыру орталығы және мейрамхана орналасқан. Негізгі ғимараттың және апартаменттердің интерьері дәстүрлі ағылшын стилінде жасалған.

Резиденцияның бірінші қабатында орналасқан фитнес орталығы толық демалуға және ауыр күннен кейін күш жинауға мүмкіндік береді. «Бес жұлдыз» санатына сай келетін он төрт қонақүй нөмірі екінші қабатта орналасқан.

Резиденцияның үшінші қабатында мыналар орналасқан: 120 орынға арналған «люкс» тобындағы мейрамхана, сыра бары, алауошақ залы және вена залы. Мейрамхана дәстүрлі ағылшын стилінде безендірілген. Мейрамхана залында ағашты, металды, өңделген жезді, көп сатылы төбені, кілем жабынын, емен паркетті, витраж шыныны, күмбез бен төбе қаракөлеңкесін үйлесімді қолданумен үйлестіре отырып, сыпайы әрі сапалы қызмет көрсету «Аlbion» қонақтарында ұмытылмас үлкен әсер қалдырады. Вена залының “ең қызығы” – безендірудің жеңілдігі, жарық пен ауаның кеңдігі, әрине бірегей көркем суреттер. Бар қатаң британ дәстүрлеріне сәйкес жабдықталған. Бардың ең әдемі үстелшесі жеке жоба бойынша ағаштың ең бағалы түрінен жасалған. Алауошақ залы қонақтарға қайталанбас тыныштық пен жайлылық сезімін сыйлайды және оларды ежелгі Викториан кезеңінің атмосферасына апарғандай болады.

Автотұрақ жабдықталған резиденция аумағын ерекше сәнді, көркем жарық безендірген.

СИПАТТАМАСЫ

  1. Қала: Ақтөбе
  2. Жоба үлгісі: жаңа құрылыс
  3. Тапсырыс беруші: Bonita Group
  4. Жобаны іске асыру мерзімі: Құрылыстың басталуы – 1995 жылғы қыркүйек; Бірінші кезекті енгізу – 1999 жылғы қараша; Жұмыстың аяқталуы – 2001 жылғы тамыз